Now Reading
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жалақыны арттыру жоспарларымен бөлісті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жалақыны арттыру жоспарларымен бөлісті

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жалақыны арттыру жоспарларымен бөлісті

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев ведомствоның ең төменгі жалақыны арттыру жөніндегі жоспарлары туралы айтып берді.

 

«Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 5 бастамасын іске асыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады. Біріншіден, ең төменгі жалақы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады», — деді Әсет Ирғалиев Үкімет отырысында.

 

Екіншіден, бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ынталандыру шаралары әзірленетін болады.

 

«Үшіншіден, ЕТҚ жүктемесін 2023 жылдан бастап 34% — дан 25% — ға дейін төмендетуді көздейтін микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу жоспарлануда. Төртіншіден, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын жыл сайын 2022 жылдан 2025 жылға дейін 20% — ға ұлғайту көзделіп отыр. Бесіншіден, ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары зейнетақы аударымдарының бір бөлігін Тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы Банкіндегі» шотқа аудару мүмкіндігі берілетін болады», — деп атап өтті министр.

 

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады. Жолдауда Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарын жария етті.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...