Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысында «Қазпочта» қызметкерінің зейнетақыны ұрлау фактісін анықтады.
Алау-ТВ жазғандай, Октябрь кентінің Лисаков пошта байланысы бөлімшесінің бастығы 2020 жылғы қазан айынан бастап 2021 жылғы шілде айына дейінгі кезеңде зейнеткерден ақшалай қаражатты ұрлаған.
Өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қызметкер ақша алуға құқық беретін кассалық-шығыс ордерлерін қалыптастырды. «Ақша алушы» жолында қаскүнем зейнеткердің қолың өзі толтырған.
Қарт әйелдің зейнетақы шотынан барлығы 440 мың теңге ұрланған.
«Қазпошта» қызметкері екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан басқа, ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, тауар-материалдық жауапкершілікпен байланысты қаржы ұйымдарында үш жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.