Now Reading
«Отбасы банкі» бірыңғай бастапқы жарналы жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Отбасы банкі» бірыңғай бастапқы жарналы жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуде

«Отбасы банкі» бірыңғай бастапқы жарналы жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуде

«Жайлы тұрғын үй» жаңа бағдарламасы аясында қазақстандықтар пәтерлерді 10 пайыздық бастапқы жарнамен сатып ала алады.

 «Отбасы Банкі» АҚ басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова «Жайлы тұрғын үй» жаңа тұрғын үй бағдарламасының егжей-тегжейлері туралы айтып берді.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың кейбір санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үй бағдарламасының түрлі критерийлеріне наразылық білдіретін жағдайлары жиі кездеседі.

Атап айтқанда, енді қазақстандықтар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 10 пайыздық бастапқы жарнамен 2 пайызбен ипотека ала алады. «Шаңырақ» бағдарламасына сәйкес келетіндер қазірдің өзінде жылдық 5 пайызбен несие алуға мәжбүр. Сондай-ақ кезекте тұрғандар үшін өз шарттары бар жеке бағдарлама бар. Осылардың барлығы Ибрагимованың айтуынша, азаматтар арасында жайсыздық пен наразылық тудырады.

«Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге осы бағдарламалардың барлығын жаңартып, барынша өзгертіп, оларды бірдей бастапқы төлеммен – барлық жерде 10% жарна орнатуды жоспарлап отырмыз. Кезекте тұрған адамдардың барлық санаттары алуға құқығы болатындай етіп жасау жоспарлануда», — деді «Отбасы банкінің» басшысы.

Ләззат Ибрагимова отбасының бір мүшесінің айлық табысы 60-70 мың теңгеден төмен барлық қазақстандықтар жылдық 2 пайызбен ипотека ала алатынын хабарлады.

Басшының пікірінше мұндай көзқарас әділ болады және барлығына «Отбасы Банкінің» тұрғын үй бағдарламаларын пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының егжей-тегжейлі шарттары 2022 жылдың қаңтар айының басында жарияланады.

 

+2
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...