Now Reading
Ақтөбеде сұйытылған газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбеде сұйытылған газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендейді

Ақтөбеде сұйытылған газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендейді

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров Жаңаөзен тұрғындарын қолдау мақсатында облыс әкімдігінің алаңына шыққан ақтөбеліктермен кездесті.

Қала әкімінің баспасөз қызметі бейбіт митингке шыққан тұрғындардың талаптары орындалғанын хабарлады. Атап айтқанда, ақтөбеліктер сұйылтылған газ бағасын 50 теңгеге дейін төмендетуді және митинг барысында ұсталғандарды босатуды талап етті.

 

«Бейбіт митингке қатысушылар жергілікті атқарушы органнан екі мәселені шешуді талап етті. Біріншісі-митинг барысында ұсталғандарды босату. Бұл талап орындалды — ұсталғандар босатылды. Екінші талап — сұйытылған газ бағасын төмендету. Бұл талап орындалды — сұйытылған газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша, митинг кезінде ақтөбеліктер қойған екі талап та орындалды»,-деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...