Мүгедектігі бар жандардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – Нұр-Сұлтан қаласының Елордалық Жұмыспен қамту орталығы қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздарды, оның ішінде мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз етеді. Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар және жастар тәжірибесі, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу басымдылыққа ие. Сондықтан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысының маңызды бағыттарының бірі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау болып табылады.
Ағымдағы жылдың басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 454 мүгедектігі бар адам өтініш білдірсе, оның 450-і жұмысқа орналасты:
— «Тұрақты жұмыс орны» – 174 адам
— «Қоғамдық жұмыстар» — 255 адам.
— «Жастар тәжірибесі» — 5 адам.
— «Әлеуметтік жұмыс орындары» – 5 адам.
— «Алғашқы жұмыс орны» – 3 адам.
— «Күміс ғасыр» — 1 адам.
– 7 адам кәсіптік оқыту курстарына жіберілді.
2022 жылдың ағымдағы кезеңінде Астаналық жұмыспен қамту орталығының көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін 7 арнайы жұмыс орны ашылды.
Үкіметтің мұқтаж адамдарды қолдау туралы үндеуіне жауап берген компаниялар:
«Green TAL» ЖШС — басшысы Эмин Халилович Әскеров.
«Golden Smile» ЖШС – басшысы Әсет Серікұлы Мадиев.
«Тәуелсіздік-Д» ЖШС – басшысы Дина Исламқызы Ерділдинова.
«Life-S» ЖШС – басшысы Ерділдинов Шыңғыс Ермекұлы.
«AYAKOZ-ANA» ЖШС – басшысы Шнейдер Аякөз Азнабайқызының.
Айта кету керек, арнайы жұмыс орындарын құру кезінде жабдықты сатып алу, құрастыру және орнату шығындарын өтеу мақсатында жұмыс берушілерге мемлекеттік бюджеттен субсидиялар беріледі.
Мәселен, есту қабілеті бұзылған адамдарға бір жұмыс орнына 1 004 250 теңге, тірек-қимыл аппараты бұзылған жандарға 765 000 теңге бөлінді. Жұмыс орнын құру кезінде оны мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтайды, мысалы, астаналық Николай Квашнин жағдайында.
Николай 25 жасында тұмаумен ауырды. Ауру асқынып, энцефаломиелитке өтіп, одан жұлын зақымданған. Николай 9 жылдан бері мүгедектігі бар жандар арбасында жүріп келеді.
— Мен халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіндім, бір аптадан кейін олар мені қайта шақырып, «Тәуелсіздік-Д» ЖШС-не «IT маманы» болып жұмысқа тұруыма көмектесті. Мұнда өзіңізді жайлы сезіну үшін жұмыс орны ұйымдастырылған. Олар тіпті арнайы жастықпен қамтамасыз етті. Әйелімнің де 16 жастан бері мүгедектігі бар. Үстел теннисінен спорт шебері, Қазақстан Республикасының алты дүркін чемпионы, бал биінен спорт шебері. Ол биіктіктен құлап жарақат алған. 4 жастағы ұлымыз бар. Осы сәтті пайдалана отырып, «Халықты жұмыспен қамту орталығының» барлық қызметкерлеріне атсалысып, көмек көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді. Біз үшін бұл дүниеде жалғыз емес екенімізді сезіну өте маңызды», — деді ол.
Айта кетерлігі, қиын өмірлік жағдайдан шығуға жағдай жасау мақсатында мүгедектігі бар жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың мұндай моделі медициналық көмек моделінен үкіметтік емес секторды тарта отырып, тыныс-тіршіліктің барлық салаларында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік оңалтуға көшуге бағытталған. Нәтижесінде мүгедектігі бар жанға тұрмыстық қызмет көрсетуге, тиісті жәрдемақылар алуға жәрдемдесу, медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек (қажет болған жағдайда), жоғалған кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру және жұмысқа орналастыру терапиясы көрсетіледі.