Now Reading
Алаяқтар Еңбек министрлігінің қызметкерлері атынан қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алаяқтар Еңбек министрлігінің қызметкерлері атынан қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді

Алаяқтар Еңбек министрлігінің қызметкерлері атынан қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді

Өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз біреулер азаматтарға телефон соғып, 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттарды қамауға алудан алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиелерді уақтылы қайтармау және банктерге берешектерді төлемеу салдарынан есепшоттар қамауға алынды). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шоттан қамауға алуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігіне сілтеме жасайды», — деді Еңбек министрлігі.

Министрлік қызметкерлері Азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайды, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...