Now Reading
Сарыағашта мүгедекігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сарыағашта мүгедекігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Сарыағашта мүгедекігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылында «Қамқорлық» оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

– «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылуда. Түркістан облысында мұндай балаларға төрт облыстық оңалту орталығы мен екі «Қамқорлық» оңалту орталығы қызмет көрсетеді. Облыста барлығы 10 576 бала мүгедектігі бар ретінде есепте тұрса, оның алты мыңға жуығы жүйке ауруына шалдыққан балалар. Биыл 13 252 бала оңалту емінен өтті. Бұл оңалту орталығының Сарыағаш ауданында ашылуы Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал, Қазығұрт және Келес аудандарынан үш мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыруды қамтиды, деді облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев Түркістан облысында қор арқылы 18 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты. Ауыр дертке шалдыққан 39 науқасқа қымбат дәрі-дәрмек алуға 1,9 млрд теңге бөлінді. Қор облыстағы медициналық мекемелерге заманауи қондырғыларды енгізу бағытында да жұмыс істеп жатыр.

Облыста Тұңғыш Президенттің «Қамқорлық» қорының бастамасымен 2020 жылдың желтоқсан айында ерте араласу орталығы ашылды. Оңалтуға екі айдан төрт жас 11 айға дейінгі балалар 30 күнге дейінгі мерзімге қабылданады. Биыл Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Сарыағаш орталық аудандық ауруханасы» МКМ базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығын ашу жоспарлануда. Облыс әкімдігі біртұтас тұжырымдамаға сәйкес ғимарат бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жобаның серіктестері «Қазақстан халқына» ҚҚ және «Samruk-Kazyna Trust» ҚҚ. Орталыққа 124,6 млн теңгеге жабдықтар, жиһаз және тұрмыстық техника әкелінді.

Ерте араласу орталығы аудандық ауруханада орналасқан. Мұнда жыл сайын нейро-ортопедиялық аурулары бар және олардың пайда болу қаупі бар үш жасқа дейінгі 600 бала қабылданатын болады. Оңалту бойынша көмек тегін. Сондай-ақ мұнда диагностикалық аудиологиялық зерттеулер мен мидың жұмысын тексеруге болады.

Әр бала 21 күн бойы оңалтудан өтеді. Балалар невропатолог, реабилитолог, неонатолог, физиотерапевт, емдік дене шынықтыру дәрігері, логопед және дефектологтың бақылауында болады. Емдік спорт залы мен механотерапияға арналған құрал-жабдықтар орнатылды. Атап айтқанда, иппотерапияға арналған S-rider Sky симуляторы, Atlant нейро-ортопедиялық пневматикалық костюмі, Multitender Jenks тренажеры, жүру тренажеры, аяқ-қол жаттықтырушысы, позициялық жүйе, Монтесори дамыту жинағы, серуендеу платформасы және ойын терапиясы жинағы бар.

Орталықтың мақсаты – «Қазақстан халқына» ҚҚ және «Samruk-Kazyna Trust» ҚҚ бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Бес жасқа дейінгі балаларды ерте оңалту басталды. Жылдық жоспар бойынша орталық тәулік бойы 340, күндізгі стационарда 420 науқасты қабылдауға дайын.

Жылына барлығы 1760 балаға медициналық қызмет көрсету жоспарлануда.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×