Now Reading
Мүгедектігі бар жандардың құқықтарын бұзған 60 ақмолалық жұмыс беруші жазаланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар жандардың құқықтарын бұзған 60 ақмолалық жұмыс беруші жазаланды

Мүгедектігі бар жандардың құқықтарын бұзған 60 ақмолалық жұмыс беруші жазаланды

Ақмола облысының прокуратурасымен әлеуметтік қорғау саласындағы талдау барысында анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтарын қорғауға қатысты.

2023 жылы «Еңбек туралы» халықты әлеуметтік қорғау саласында 42 талдау жүргізілген. Оның барысында 72 заң бұзушылық анықталып, прокурорлық қадағалау және ден қою актілері бойынша 8 449 тұлғаның құқығы, оның ішінде 438 конституциялық құқық қорғалды. Жол берілген бұзушылықтар үшін 142 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 68 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Заң бұзушылықтардың басым бөлігі мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтарын қорғау саласында анықталған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар қызметкерлерге қосымша демалыс берілмеді, қысқартылған жұмыс уақыты белгіленбейді, жеке табыс салығы заңсыз ұсталды. Нәтижесінде 60 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге қосымша демалыстар беріліп, жұмыс уақыты қысқартылды, осылайша 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі жанның құқықтары қорғалды, деп хабарлады прокуратура.

Араласудан кейін мүгедектігі бар қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы және қысқартылған жұмыс уақыты берілді. Негізсіз ұсталған салықтар 103 мүгедектігі бар адамдарға және 56 адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік алым қайтарылды. Лауазымды тұлғалар мен нотариустар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

– Бұл саладағы тағы бір жиі кездесетін мәселе – жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек шартының жасалмауы. Бүгінгі күні прокуратура органдарына жұмыстан заңсыз босату және жалақыны төлемеу түріндегі еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты сұрақтар жиі түседі. Көбінесе өтініштерді қарау немесе азаматтарды қабылдау кезінде еңбек шартының болмауы сияқты жағдай белгіленеді. Еңбек шартының болмауы қызметкерлердің заңнамада белгіленген еңбек құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, деп қосты ведомствода.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...