Now Reading
Инклюзивті көлік: такси агрегаторлары мүгедектігі бар адамдар үшін жол жүруді ыңғайлы етеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Инклюзивті көлік: такси агрегаторлары мүгедектігі бар адамдар үшін жол жүруді ыңғайлы етеді

Инклюзивті көлік: такси агрегаторлары мүгедектігі бар адамдар үшін жол жүруді ыңғайлы етеді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен өткен жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсетуде такси агрегаторларын пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Астана мен Алматыда бұл қызмет 9,9 мың рет алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін 53,9 мың рет пайдаланған.

Бұған дейін хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп инватакси қызметін көрсету тетігін оның сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру үшін өзгерту туралы шешім қабылдады, қолданыстағы нормалар бойынша бірқатар шаттар бар. Мысалы, азаматтар қызметті алудан бір күн бұрын телефон арқылы алдын ала жазылу керек, бұл олардың сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватаксидің келуін күтуге, инватакси қызметін көрсету үшін көліктердің тапшылығы мәселесі бар және т.б.

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба басталды.

Маңызды шарт, әдетте агрегаторлық платформалардың пайдасына шегерілетін жолақы төлемдері бойынша пайыздардың болмауы болды. Яндекс пилоттық жобаға тегін қатысуға ниет білдірді.

Пилоттық бағдарлама аясында азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси аясында жеңіл автокөліктерге мінуге тапсырыс бере алады. Бұл қызмет алушы үшін автокөлікті жылдам таңдауға, тапсырыстың күйін онлайн бақылауға және аяқталған сапарларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қолданба мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге арнайы жол жүру сұраулары туралы ескертетіндей қол жетімділік экранын іске қосты. Өз кезегінде, жүргізушілер арнайы нұсқаулар алады — мысалы, адамға көлікке кіруге және одан шығуға қалай көмектесу.

Бірінші кезеңде пилоттық жобаға Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топ қатысады.

 

2024 жылы жобаны іске асыру жалғасады, келешекте жаңа форматтағы қызметтерді көрсету мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына да кеңейтіліп, еліміздің барлық өңірлеріне тарату жоспарлануда.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×