Now Reading
Астана тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арнап 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арнап 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады

Астана тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арнап 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады

Астана тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге арнап 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады

Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап, жөнелтеді. Ниет білдірушілер жылы киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, алғашқы қажеттілік заттарын әкеліп жатыр.

 

«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы «Жастар рухы» жастар қанатымен, қала әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы еріктілерімен, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, шағын, орта және ірі бизнес өкілдері 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады.

 

Қостанай облысында Қазақстан жастар конгресінің еріктілері жұмысты үйлестіріп, Астанадан гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етіп жатыр.

 

«Қостанай облысында жұмыс істеп жатқанымызға 5 күн болды. Біздің еріктілер гуманитарлық көмекті түсіріп, таратуға көмектеседі. Ең алдымен – азық-түлік, моторлы қайықтар, генераторлар, резеңке етік, сол сияқты су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қажеттінің бәрі», – дейді Қазақстан жастар конгресінің жетекшісі Бағдәулет Жанділдаев.

 

Сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмысына елорданың жоғары оқу орындары да қосылды: Мақсұт Нәрікбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, ESIL университеті. Көмек көрсеткен өзге ұйымдардың қатарында: The one қонақүйі, «Әсем», «Рахмет», «Шапағат» сауда үйлері және басқа да бизнес құрылымдарының өкілдері.

 

Сонымен қатар, елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау мақсатында әлеуметтік шара ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізіледі. Зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмек жиналды. Қазіргі таңда қалалық Ассамблея мүшелері мен еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам көмек көрсетті.

 

Жиналған көмектің ішінде негізгі орынды киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдармен аяқ киім алады.

 

Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Қызығушылық танытқандар қажетті өнімдерді жинап, қабылдау пунктлеріне апара алады.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×