Now Reading
Павлодар облысындағы аудан әкімінің орынбасары жетім баланың пәтеріне көшіп алған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар облысындағы аудан әкімінің орынбасары жетім баланың пәтеріне көшіп алған

Павлодар облысындағы аудан әкімінің орынбасары жетім баланың пәтеріне көшіп алған

Басқарма басшысы Ертіс ауданы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасарына пәтер беру туралы шешімді өз бетінше қабылдаған. Берілген тұрғын үй жетім балаға тіркелген. Мәселе Этика жөніндегі кеңесте қаралды. Роза Ақанова Ертіс ауданы әкімінің орынбасары қызметіне 2025 жылдың ақпан айында тағайындалған, оған дейін ұзақ уақыт Павлодар облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған, яғни облыс орталығында тұрғаны айтылған. Жаңа лауазымды ескере отырып, көшіп-қонып, баспана табу керек болды. Экономика басқармасының нақты секторының басшысы жағдайдан шығудың жолын тапқан. – Халықтың әлеуметтік осал тобына жатпайтын тұлғаларға заңсыз баспана беру фактілері анықталды. Мәселен, Ертіс ауылы, Мүткенов көшесі, 32-үй, 10-пәтер мекенжайы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз етуге арналған пәтерде аудан әкімінің орынбасары Роза Қабиболқызы Ақанова тұрады, деп прокурор этика жөніндегі кеңесте баяндады. Қадағалаушылар бұған дейін де пәтерлер баспана күткен үміткерлерге берілмегенін анықтады. Сондай-ақ бос тұрған 14 пәтер бар, бірақ белгілі себептермен шенеуніктер оны халықтың әлеуметтік осал топтарына беру бойынша жұмыс жүргізбей жатыр. Басқарма басшысы этика кеңесінде ештеңені жоққа шығарған жоқ. Ол шешімді өз бетінше қабылдағанын айтып, пәтер кілтін аудан әкімінің орынбасарына өзі табыстаған айтқан. – Онда жетім балалар жалдау шартымен тұрады. Ол пәтерде Баспанова деген азамат тұруы керек болатын. Бірақ ол бұл үйде тұрмағанына бір жылдан асып кеткенін байқадық. Сөйтсем барлық коммуналдық төлемдер, пәтер ақысы барлығы есептелуде екен, ауданда тұрғын үй болмағандықтан, кілтті уақытша Ақанов Роза Қабиболқызына беруді жөн көрдім, – деп жауап берді Ертіс аудандық экономика бөлімінің нақты секторының басшысы Қайролла Елеукенов. Этика жөніндегі кеңес мүшелері заңға сәйкес әрекет ету керектігін, алайда әкім орынбасарының пәтерде көп тұрмайтынын ескеріп, осыған байланысты ауылдық лауазымды тұлғаға қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...