Now Reading
Тек мұқтаж жандар үшін: Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасылар жәрдемақыдан айырылуы мүмкін
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тек мұқтаж жандар үшін: Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасылар жәрдемақыдан айырылуы мүмкін

Тек мұқтаж жандар үшін: Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасылар жәрдемақыдан айырылуы мүмкін

Әлеуметтік көмектен басқа да жеңілдігі бар азаматтар айырылуы мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындау кезінде санаттық тәсімнен бас тарту мәселесі қарастырылып жатыр, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Мәжіліс кулуарында журналистер төрт баласы бар отбасы «көпбалалы отбасы» деп танылатынын, бірақ төрт бала туған әйелдің «көпбалалы ана» мәртебесіне ие еместігін атап өтті.

«Иә, бізде ондай бар. Қазір біз әлеуметтік саясатқа өзгерістер енгізуді толығымен қарастырып жатырмыз. Санаттық тәсілден бас тартып, нақты мұқтаждық критерийіне көшуіміз керек деп санаймыз. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж емес отбасылар да көмек алып отыр, дәл сол көмекті өте мұқтаж азаматтар да алады. Бұл әділетті емес. Сондықтан біз осыны қайта қарап, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көпбалалы ана мәртебесі мынадай жағдайда беріледі: • 6 немесе одан көп бала туған және тәрбиелеген аналарға – «Күміс алқа» белгісі табысталады;

• 7 немесе одан көп бала туған және тәрбиелеген аналарға – «Алтын алқа» белгісі табысталады.

«Міне, осы аналар бізде өмір бойы қамтамасыз етіледі және оларда нақты мәртебе бар. Қазіргі кезде, иә, көпбалалы отбасы мәртебесі бар, бірақ көпбалалы ана мәртебесі жоқ. Біз «санат» ұғымынан бас тартып жатырмыз. Мысалы, «көпбалалы ана» немесе «көпбалалы отбасы» деген сияқты санаттар болмайды. Біз енді «әлеуметтік көмек», «әлеуметтік қолдау», «әлеуметтік қорғау» секілді нақты мұқтаж азаматтарға бағытталған түсініктерге көшеміз. Яғни, көмек кімге қажет болса, сол алады», – деп түйіндеді Светлана Жақыпова.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×