Биылғы жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында 1000-нан астам тексеру жүргізді

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1019 тексеру жүргізді.Оның ішінде 410 – жоспардан тыс, 350 – профилактикалық бақылау аясында, 259 – прокуратураның талабына сәйкес өткізілген. Тексеру қорытындылары бойынша 497 нұсқама беріліп, 61,9 млн теңгеден астам сомаға 274 айыппұл салынды.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 63, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 217, мемлекеттік мекемелер – 72, балабақшалар – 36, мектептер – 125, колледждер, лицейлер – 16, ауруханалар, емханалар – 98, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 79, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 38, ЖК – 33, дүкендер – 54, сауда үйлері – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 19, полиция пункті – 6, стоматология – 6, кітапхана – 4, мәдениет үйлері – 16, мұрағаттар мен мұражайлар – 5, санаторийлер – 11, пошта қызметі бөлімшесі – 6, спорт мектептері – 21, нотариус – 1, банктер – 18, оңалту орталықтары – 5, өзге де 58 объекті қамтылды.
Абай облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау және қадағалау комитетінің департаменті 1-топтағы мүгедектігі бар азаматтың өтініші негізінде «Қазпошта» АҚ филиалының аудандық бөлімшесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Мақсат – нысанның қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін анықтау.
Тексеру нәтижесінде нысанға нұсқама беріліп, жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Семей қаласының тұрғыны, мүгедектігі бар баланың анасы Саида Бөкембаева:
– Соңғы жылдары қаламызда қолжетімділік жағдайлары жасалып жатқанына өте қуаныштымын. Енді баламның мектепке, емханаға немесе серуендеуге баруы әлдеқайда жеңіл болды – пандустар бар, дыбыстық сигналдары бар бағдаршамдар орнатылды, әлеуметтік нысандарда ыңғайлы бола түсті. Мемлекеттің кедергісіз орта құру саясаты дұрыс бағытта келе жатқанын көремін. Бұл біз үшін жай ғана формалдылық емес, балам мен отбасымыздың өмірін жақсы жаққа өзгертетін нақты өзгерістер. Ең бастысы – ұлым өзін басқа балалардың қатарында тең сезінеді. Бұл бізге болашаққа үміт пен сенім береді. Осындай жұмыстардың жалғасып жатқанына ризамыз және қолжетімділік қаланың барлық аудандарында қамтамасыз етілсе дейміз.