Қазіргі уақытта: Қазақстан Республикасындағы 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы жүзеге асырылуда.
«Amanat» партиясының Жол картасына сәйкес 2023–2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделеді: 2023 жылы – 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%.
2026 жылдың соңына дейін ел бойынша 34 349 нысанды бейімдеу жоспарланған. 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша 29 531 нысан бейімделіп, бұл жалпы санның 68%-ын құрайды.
Соның ішінде барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді:
— денсаулық сақтау нысандары – 4 807;
— білім беру нысандары – 9 366;
— мәдениет нысандары – 3 081;
— сауда және қызмет көрсету нысандары – 6 015;
— мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 4 122;
— өзге нысандар – 2 140.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша өңірлердегі бейімделген нысандар саны:
— Астана қаласы – 1 420 нысан;
— Алматы қаласы – 5 862 нысан;
— Шымкент қаласы – 1 562 нысан;
— Абай облысы – 913 нысан;
— Ақмола облысы – 1 279 нысан;
— Ақтөбе облысы – 898 нысан;
— Алматы облысы – 1 085 нысан;
— Атырау облысы – 1 529 нысан;
— Шығыс Қазақстан облысы – 1 245 нысан;
— Жамбыл облысы – 1 086 нысан;
— Жетісу облысы – 962 нысан;
— Батыс Қазақстан облысы – 1 373 нысан;
— Қарағанды облысы – 1 280 нысан;
— Қостанай облысы – 1 369 нысан;
— Қызылорда облысы – 1 682 нысан;
— Маңғыстау облысы – 1 037 нысан;
— Павлодар облысы – 1 173 нысан;
— Солтүстік Қазақстан облысы – 1 077 нысан;
— Түркістан облысы – 2 463 нысан;
— Ұлытау облысы – 236 нысан.
Қалаларда мүгедектігі бар адамдар үшін жайлы жағдайлар кезең-кезеңімен қалыптасып келеді. Инфрақұрылым нысандары заманауи талаптарға сай бейімделуде, ал кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер тұрғындардың өтініштерін ескеріп, кіреберіс топтары мен ішкі кеңістіктердің қолжетімділігін арттыруда.
«Бұрын қалада қозғалу қиынырақ болатын, ал қазір жағдайдың жақсарып келе жатқаны байқалады. Көптеген ғимараттар келуге ыңғайлы бола түсті, пандустар мен басқа да қажетті элементтер пайда болды. Әсіресе, сауда орталықтарының қолжетімді бола бастағаны қуантады — мысалы, «Достык плаза» сауда орталығына еш кедергісіз кіріп, еркін қозғала аламын. Бұл біз үшін өте маңызды», — дейді Алматы қаласының бірінші топтағы мүгедектігі бар тұрғыны Самал Оқапова.