Now Reading
Қазақстандағы мектептердің 90 пайыздан астамы инклюзивті білім беру ортасымен қамтамасыз етілген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы мектептердің 90 пайыздан астамы инклюзивті білім беру ортасымен қамтамасыз етілген

Қазақстандағы мектептердің 90 пайыздан астамы инклюзивті білім беру ортасымен қамтамасыз етілген

Қазақстанда сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, инклюзивті ортаны дамыту және балалардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, білім беру саласындағы инклюзивті саясат халықаралық конвенциялар мен ұлттық заңнамаға сәйкес дамып келеді. ҚР «Білім туралы» заңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің барлық деңгейінде арнайы жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік кепілдіктер қарастырылған.

— Бүгінде жалпы білім беретін мектептердің 90 пайыздан астамында инклюзивті білім беру үшін қажетті жағдайлар жасалған, — деді Шынар Ақпарова.

Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту, сондай-ақ өңірлерде сапалы білім алуға жағдай жасау мақсатында «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептер желісі құрылды. Қазіргі уақытта 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп пайдалануға берілді.

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық тетіктерді жетілдіруге де ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған 10 заң қабылданды. Елде зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты енгізіліп, балаларға қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді.

— Өткен жылы заңнамаға бірқатар маңызды толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органдарды құру тәртібі мен олардың функциялары айқындалды, қамқоршыларға және баламен бірге тұратын адамдарға қойылатын талаптар күшейтілді, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі және басқа да мәселелер реттелді, — деді спикер.

Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылуда. Балалардың қабілеттерін ашуға, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған қосымша білім беру жүйесі де қарқынды дамып келеді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектептердің 100 пайызы «Қауіпсіздік сабақтарымен» қамтылып, QR-111 жүйесіне қосылған. Елдің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×