Елордада балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында құтқарушылар полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Жыл басынан бері қала аумағында 250-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылып, олардың барысында тұрғындарға 4 500-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.
Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы, көпбалалы және кішкентай балалары бар отбасыларға 1 400-ден астам терезеге арналған қауіпсіздік блокираторы тегін орнатылды.
Профилактикалық іс-шаралар барысында құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, масаға қарсы торларға сенбеу, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және терезе маңына жиһаз қоймау қажеттігін түсіндіреді.
Мамандар балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігі екенін тағы бір мәрте еске салады.