Еркін Ғаббасов оқ атудан Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Айчи-Нагояда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Еркін Ғаббасов R1 санатында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен оқ атудан алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 249,1 ұпай жинап, жарыс рекордын жаңартты. Сондай-ақ ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
Екінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Пак Джинхо 248 ұпаймен иеленсе, үшінші орынды Ли Джанхо 226 ұпаймен иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған болатын.