Елордалық спортшы 1-15 мамыр аралығында Бразилияда өтетін XXIV Сурдлимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайды. Бұл төрт жылда бір рет есту қабілеті нашар спортшылар арасында өтетін жарыстар.
Елордалық мүгедектігі бар спортшыларға арналған мектептің спортшысы Владимир Нестеров 3-10 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарына іріктеуден өтті.
Іріктеу қорытындысы бойынша біздің спортшы үстел теннисінен Қазақстан құрама командасының құрамында ел намысын қорғайтын болады.
Жазғы ойындарға 90-нан астам елден 6500 адам қатысады деп күтілуде.