Now Reading
Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталықтары алты күндік жұмыс кестесіне оралуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталықтары алты күндік жұмыс кестесіне оралуда

Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталықтары алты күндік жұмыс кестесіне оралуда

Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары алты күндік жұмыс кестесіне көшуде. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін — таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін болмақ. Сенбі күні ХҚКО орналасқан орнына байланысты әр түрлі кесте бойынша жұмыс істейді. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қостанай облысы бойынша филиалында хабарланғандай, осы аптада жаңа жұмыс кестесі іске қосылған. Демек сенбі, 8 мамырда халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдері қызмет алушыларды қабылдайды.

«Мен Қостанай облысы тұрғындарының назарын халыққа қызмет көрсету орталықтарының сенбідегі жұмыс кестесіне аударғым келеді. Назар аударылуы тиіс жайттар бар. Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара, Арқалық қалаларының ХҚКО сенбіде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Аудан орталықтарында орналасқан ХҚКО сенбіде сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді», — деді филиалдың PR-менеджері Ярослава Богатырева.

 Естеріңізге сала кетейік Қостанай, Рудный және Тобыл қалаларындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын-ала брондау арқылы ғана баруға болады. Кезекті 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы, egov.kz порталы арқылы, eGov mobile мобильді қосымшасы және EgovBotKz2.0 Telegram боты арқылы брондауға болады.

 

 

 

 

 

 

Источник: kztnews.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...