Now Reading
Семейде «Мүгедектігі бар жандарды оңалту жүйесін дамыту» семинары өтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Семейде «Мүгедектігі бар жандарды оңалту жүйесін дамыту» семинары өтуде

Семейде «Мүгедектігі бар жандарды оңалту жүйесін дамыту» семинары өтуде

Оңалту орталықтары қалай жұмыс істеуі керек? Қандай технологияларды қолдануы тиіс? Бүгін Семейде еліміздің түкпір-түкпірінен оңалтушы мамандар республикалық семинарға жиналып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

2025 жылға қарай Қазақстанда 12 инновациялық оңалту орталығы ашылады, оның алғашқысы Абай ауданында жұмысын бастады.

«Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік-кәсіби оңалту жүйесін дамыту» — Семейде осындай атаумен республикалық семинар жаңа әлеуметтік мекеме – абилитация және оңалту орталығы базасында өткізу туралы шешім қабылданды. Және бұл кездейсоқ емес.

Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде заманауи 12 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр. Ал алғашқы ашылған орталықтардың бірі Семей қаласында. Осы айда Таразда да орталық ашылады. Түркістан облысының Кентау қаласында жыл соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.

Семейге сапар – басқа өңірлер үшін орталықтың жұмысын зерделеу мүмкіндігі. Сыйымдылығы 150 орындық, ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оның үстіне мұнда ересектер де, балалар да инновациялық емдеуден өте алады. Семинарға Қазақстанның барлық аймақтарынан барлығы 130 маман қатысты.

Әзіл Манабаев, Павлодар облысындағы балаларды оңалту орталығының меңгерушісі:

– Мүгедектігі бар адамдарды оңалту, пилоттық жобалар-орталықтарды ашуға қатысты көптеген мәселелер көтерілді. Оның ішінде біздің Павлодар облысы да пилоттық жобада. Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысындағы мәселелер, түрлі аспектілері, осы порталдың жаңашылдықтары туралы көптеген сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ арнайы Aleumet мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл жаңалықтардың барлығы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасы аясында енгізілуде. Ынтымақтастық мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×