Жетісу өңіріне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев үкіметтік емес ұйымдармен, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен және оларды көрсететін ұйымдардың ұжымдарымен, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда бірқатар кездесулер өткізді.
Жұмыс сапары Талдықорған қаласындағы әлеуметтік мекемелерді аралаудан басталды. Асқарбек Ертаев «Асар» дене шынықтыру-сауықтыру орталығы, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы, «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, аутизмге шалдыққан және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі емдеу орталығы, «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметімен танысты.
Бұдан кейін вице-министр «Тен Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында болып, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Асқарбек Ертаев 2024 жылдың желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру кезеңдері туралы айтты.
«Биылдан бастап Тұжырымдаманың 52 іс-шараны қарастыратын 13 негізгі бағытын іске асыру бойынша жұмыстар басталады.Жауапты орындаушыларға салалық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар жүктелді арнаулы әлеуметтік қызметтерді әлеуетті алушыларды есепке алу және мониторингілеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалануды қоса алғанда, типтік жобалық-сметалық құжаттама негізінде оңалту орталықтарының құрылысын аяқтау және т.б.
Асқарбек Ертаев
Сондай-ақ кездесу барысында Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінде әлеуметтік қызметтер порталында 938 техникалық оңалту жабдықтарын жеткізуші, 31 мыңнан астам жеке көмекші қызметтерін көрсетуші, 756 ымдау тілі қызметін көрсетуші, 129 шипажай ұйымы тіркелген. Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша 127,8 мың іс-шара немесе қажетті санның 45,5 пайызы жүзеге асырылды.
«Министрлік әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.Техникалық оңалту жабдықтарына бағаны көтеру, жеткізушілер мен мүгедектігі бар жандар арасындағы техникалық оңалту жабдықтары мен қызметтерін қолма-қол ақшаға айналдыруға жол бермеу, сауықтыру ұйымдарында мүгедектігі бар жандарға жазғы уақытта төсек-орынның жетіспеушілігі және т.б ақпараттық жүйелер».
Асқарбек Ертаев
Сонымен қатар, әлеуметтік-техникалық сараптама қызметін енгізу мәселелері талқыланды. «Әлеуметтік қорғауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығын қайта құру аясында әлеуметтік-техникалық сараптама қызметін енгізу жұмыстары басталды. Оңалтудың техникалық құралдарын жөндеу, қызмет көрсету, жұмыс жағдайында ұстау үшін ҰҒО базасында әлеуметтік-техникалық қызмет ұйымдастырылды. Оңалтудың техникалық құралдарын жөндеу, қызмет көрсету, жұмыс жағдайында ұстау үшін ҰҒО базасында әлеуметтік-техникалық қызмет ұйымдастырылды. 4 пилоттық өңірде-Абай, Павлодар, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында әлеуметтік – техникалық комиссия құрылды»
Асқарбек Ерсаев
Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға берілетін жекелеген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына әлеуметтік-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидалары әзірленді. Сервистік цехта қажеттілікті міндетті бағалай отырып, техникалық оңалту құралдарын жалға беру, техникалық оңалту құралдарын жөндеу және қызмет көрсету мәселелері пысықталуда.
ҮЕҰ-мен кездесуден кейін Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.