Now Reading
«Анасы тастап кеткен, әкесі түрмеде»: Есілдік церебральды сал ауруы, микроцефалиямен ауыратын немересінің денсаулығы үшін әжесі күресуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Анасы тастап кеткен, әкесі түрмеде»: Есілдік церебральды сал ауруы, микроцефалиямен ауыратын немересінің денсаулығы үшін әжесі күресуде

«Анасы тастап кеткен, әкесі түрмеде»: Есілдік церебральды сал ауруы, микроцефалиямен ауыратын немересінің денсаулығы үшін әжесі күресуде

Есіл қаласының тұрғыны 8 жасар Ислам Штырь микроцефалия және церебральды сал ауруымен ауырады. Баланы тек әжесі тәрбиелеп отыр, қазір оңалту үшін 1,5 миллион теңге қажет. «Келінімнің жүктілігі жеңіл болды. УЗИ-ге түсіп, анализдерін уақытылы жасап отырды. Барлығы жақсы болды. Толғағы дер кезінде басталды. Ислам үйде, жедел жәрдем келгенше дүниеге келді. Ең қиыны артта қалғандай болды. Бала өсіп, бәрімізді қуантып жүрді. 4 айлық жоспарлы тексеруде Исламға ерте фонтаноз диагнозы қойылды. Кейінірек балаға микроцефалия диагнозы қойылды. Диагнозды естігенімізде бәріміз таң қалдық. Келінім диагнозды мойындай алмай, бала 7 айлық болғанда Исламды тастап кеткен. Содан бері үйге келуді тоқтатты. Нәтижесінде ол ата-ана құқығынан айырылды. Ол күні бүгінге дейін ұлының тағдыры мен денсаулығына алаңдаушылық білдірмеген, ешқандай көмек көрсетпейді», — дейді Елена Штырь. Осы уақытқа дейін баланың әкесі Еленаның ұлы көмектесіп келген. Жұмыс істеп, емделуге ақша жіберәп отырған. Бірақ ол жағымсыз жағдайға түсіп, қазір түрмеде отыр екен. Енді анасы мен Исламға көмектесе алмайды. «Осы уақытқа дейін немеремді бағып келемін. Мүгедектік бойынша жәрдемақыға күн көреміз. Мен де мүгедекпін. Денсаулығы бұрынғыдай болмаса да, Исламды емдетіп, оңалтуға алып жүрмін. Қайырымды, жанашыр жандар қол ұшын беріп жатады. Солардың көмегімен біз үлкен жолды бағындырдық. Өткен жылы Алматы мен Астанада оңалтудан өттік. Исламда жақсы нәтижелер бар. Баланың жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін үнемі оңалту қажет. Алдағы уақытта Алматыдағы «Табыс аумағы» орталығына емделуге барамыз», — дейді әже. Ол барлық қамқор және жанашыр адамдарға емделуге ақша жинауға көмектесуді сұрайды. Оңалтуға 1 530 000 теңге қажет. «Ислам үшін бұл өмірдегі ең маңызды әрі қажетті нәрсе. Мен көзі тірісінде немеремді барлық бала сияқты өсіргім келеді. Тағдыр сынаған, анасын да танымайтын Ислам бақытты болуы керек деп ойлаймын. Емге қажетті сома біз үшін үлкен, өзімізі тек жәрдемақыға өмір сүріп жатырмыз, оны өзіміз ешқашан жинай алмаймыз», — деп түйіндеді әже. Банктік деректемелері: Kaspi: 4400 4302 4215 9199 Халық банкі: 4405 6397 1897 5079 Елена Ш., әжесі Тел.: +77071185963 Instagram: @elena.ivanovna11

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×